>> Жаңа үйге көшу(пәтерге) >> Уақытша жерді пайдалану құқы актісін рәсімдеу бойынша ақпарат
Уақытша жерді пайдалану құқы актісін рәсімдеу бойынша ақпарат. >> Уақытша жерді пайдалану құқы актісін рәсімдеу бойынша ақпарат.

Қазақстан Республикасы Жер кодекісінің 36 бабына сәйкес жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен:

шалғайдағы мал шаруашылығы (маусымдық жайылымдар) үшiн;

тұрғын халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшiн;

мемлекеттiк жер пайдаланушыларға;

бақша өcipу үшiн;

қызметтiк жер телiмі түрiнде;

ортақ пайдаланылатын жолдарды салу, мемлекеттiк меншiктегi және әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлер құрылысы кезеңiне;

тозған және бөлiнген жерлердi қалпына келтiру кезiнде;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен үйлердi (үй-жайларды) және ғимараттарды уақытша өтеусiз пайдалануға берген кезде;

ғибадат объектiлерi үшiн;

Жер кoдексте және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге жағдайларда берiлуi мүмкiн.

Уақытша өтеусiз жер пайдалану мерзiмi жер учаскелерiн қызметтiк жер телiмi түрiнде және тозған әрi бөлiнген жердi қалпына келтiру үшiн берiлетiн жағдайларды қоспағанда, бес жылдан аспауға тиiс.

Үйлер (үй-жайлар) мен ғимараттарға берiлген жер учаскесiн уақытша өтеусiз жер пайдалану мерзiмi үйлердi (үй-жайларды) және ғимараттарды, соның iшiнде ғибадат құрылыстарын уақытша өтеусiз пайдалану мерзiмiмен айқындалады.

Жер теліміне құқықты табыстау Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 32, 33, 35, 36, 43, 44, 45 -баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Жер телімдеріне жер пайдалану құқығының табысталуына мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына немесе арнайы экономикалық аймақ әкімшілігіне өтiнiшпен керекті құжаттар пакетін бередi. Өтiнiште:

- жер телімінің нысаналы мақсаты;

- жер телімінің болжамды мөлшерi;

- орналасқан жерi;

- сұралатын пайдалану құқығымен өзге де шарттар болуға тиіс.

Қосымша құжаттар пакеті:

- жеке тұлғаларға:

- жеке куәлігі;

- жеке тұлғалар үшін салық төлеушінің куәлігі (СТТН);

- азаматта жер телімдерінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама (жер қатынастары бойынша уәкілетті органмен жеті күн ішінде беріледі);

- азаматта жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама (жылжымайтын мүлікті тіркейтін органмен жеті күн ішінде беріледі).

- Заңды тұлғаларға:

- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;

- салық төлеушінің куәлігі (көшірмесі);

- статистикалық карточка;

- жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиясы немесе келісім-шарты;

- ШҚ ЕМК «Мемжерғылөнорталығы» мен берілген жер телімінің орналасқан жеріндегі схемасы (қосымшада) және көршілес меншік иелері мен жер пайдаланушылары көрсетілген жер құрамының анықтамасы;

- бұқаралық ақпаратта жарияланған сұраныстағы жер телімінде көзделген қызмет туралы (шаруашылық қызметті елді мекеннің жерлерінде жоспарлаған жағдайларда) хабарландыру;

- (жер теліміне құқықты объектілер құрылысы үшін берген жағдайларда) жер телімін таңдау және зерттеу туралы актiсі.

Жер теліміне құқық беру туралы өтiнiш түскен кезiнен бастап екi айға дейiнгi мерзiмде қаралады, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер теліміне құқық беру туралы өтiнiш үш апталық мерзiмде қаралады.

Аталған мерзімге Жер кодекстің 44-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленетін жерге орналастыру жобасын жасау кезеңі кірмейді.

2. Жер телімі орналасқан жердегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары (елдi мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бiрлесе отырып) сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындайды.

Тапсырылған құжаттарды қарастырып, жер теліміне құқықты табыстау немесе құқық табыстаудан бас тарту шешімі жер комиссиясымен қабылданады.

Сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстар әзірлеу және комиссияның осы мәселе жөніндегі қорытындысын әзірлеу мерзімі өтініш келіп түскен кезден бастап бір айға дейінгі , ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскесіне құқық беру кезінде екі аптаға дейінгі мерзімді құрайды.

2-1. Объектілер салу үшін жер телімі сұралған кезде жер телімін таңдау алдын ала, оны облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының тапсырысымен жүргізіледі.

Объектілер салу үшін жер телімін таңдау жерге орналастыру және қала құрылыс регламенттеріне сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті уәклетті органдарымен жүзеге асырылады.

Объект салу үшін, ал қажет болған жағдайларда оның күзет немесе санитариялық-қорғау аймағын белгілеу үшін де жер телімін таңдау нәтижелерін жер телімін таңдау туралы актісімен ресімдейді. Осы актіге әрбір жер телімін таңдаудың ықтимал нұсқаларына сәйкес олардың шекарасының жобалары қоса тіркеледі.

Ең маңызды объектiлер бойынша жер телімін беру жөніндегі өз құзыреті шегінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (олардың қарауы бойынша) осы объектiлердi орналастыру үшiн жер телімдерін таңдау жөнiндегi арнаулы комиссиялар құрады.

Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес, жер телімін таңдау актiлерi және жер телімі шекарасының жобалары комиссияға қарау және қорытынды әзiрлеу үшiн табыс етiледi.

Өтiнушi немесе оның сенiм бiлдiрген тұлғасы жер телімін бөлiп беруге талап етiлетiн келiсiмдердi өз бетімен қамтамасыз етедi.

3. Қазақстан Республикасы Жер кодекісінің 43-бабы 7-тармағына, 44-бабы 3-тармағына сәйкес комисия қортындысының негізінде жер теліміне құқығын беру туралы жерге орналастыру жобасы әзірленеді. Жерге орналастыру жобасы облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық), аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) уәкілетті органның бұйрығына сәйкес бекітіледі.

4. Жер теліміне құқық табыстау туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның, аудандық маңызы бар қала, кент ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органның немесе арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің шешімі тиісті уәклетті органы бекіткен жерге орналастыру жобасы келіп түскен кезден бастап бір айға дейінгі мерзімде, ал шағын кәсіпкерлік субъетілеріне жер теліміне құқық беру кезінде жеті күнге дейінгі мерзімде қабылданады.

Жер телімдерін беру жоғары тұрған атқарушы органның құзіретіне кіретін жағдайларда, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі жерге орналастыру ісін өз шешімімен бірге жоғары тұрған органға бекітуге жібереді.

5. Қазақстан Республикасы Жер кодекісінің 32-бабы 3-тармағына сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органымен уақытша жер пайдалану құқығын табыстау туралы шешімі негізінде жер телімін жалға беру шарттары немесе уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттары жасалады.

6. Жер теліміне құқық табыстау туралы шешім қабылданғаннан кейін белгілі бір жерде шекарасын белгілеуді жүргізеді.

7. Мамандырылған жер кадастырын жүргізуші кәсіпорыны жер теліміне сәйкестендіру құжатын дайындайды.

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органымен берілетін:

уақытша өтеусіз жер пайдалану кезінде – уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы актісі жер теліміне сәкестендіру құжаты болып табылады.

8. Сәйкестендіру құжаттарын алғаннан кейін, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады.

Қалалар мен аудандар жер қатынастары бюлімдердің және Жер қадастрлық бюролардың

ТЕЛЕФОНДАРЫ

№ р/р Мекеме атауы Мекен-жайы телефон
Абай ауданы код (722-52)
1 Жер қатынастары бөлімі Караул а. Құнанбая көш., 12 9-12-18
2 Жер кадастрлық бюро Караул а. Құнанбая көш., 12 9-19-14
Аягөз ауданы код (722-37)
1 Жер қатынастары бөлімі Аягөз қ. Аканаев көш., 63 3-25-87
2 Жер кадастрлық бюро Аягөз қ. Аканаев көш., 63 3-00-32
Бескарағай ауданы код (722-36)
1 Жер қатынастары бөлімі Ү.Владимировка а. Сейфулин көш., 146 9-02-98
2 Жер кадастрлық бюро Ү.Владимировка а. Сейфулин көш., 146 9-02-98
Бородулиха ауданы код (72-351)
1 Жер қатынастары бөлімі Бородулиха а., Ленин көш., 227 2-21-13
2 Жер кадастрлық бюро Бородулиха а., Крупская көш., 69 2-21-13
Глубокий ауданы код (72-331)
1 Жер қатынастары бөлімі Глубокий к, Попович көш., 11а 2-16-41
2 Жер кадастрлық бюро Глубокий к, Попович көш., 11а 2-16-91
Жарма ауданы код (72-347)
1 Жер қатынастары бөлімі Георгиевка а., Киселёв көш., 11 6-58-75
2 Жер кадастрлық бюро Георгиевка а., Киселёв көш., 11 6-58-75
Зайсан ауданы код (72-340)
1 Жер қатынастары бөлімі Зайсан қ., Жангельдин көш., 54 2-72-11
2 Жер кадастрлық бюро Зайсан қ., Жангельдин көш., 54 2-18-30
Зырян ауданы код (72-335)
1 Жер қатынастары бөлімі Зырян қ., Советская көш. , 18 6-01-65
2 Жер кадастрлық бюро Зырян қ., Жаксыбаев көш., 32 6-20-92
Қатон-Қарағай ауданы код (72-341)
1 Жер қатынастары бөлімі Большенарымкое а., Амангельды көш., 73 2-19-06
2 Жер кадастрлық бюро Большенарымкое а., Абылайхан көш., 92-1 2-19-03
Көкпекті ауданы код (72-348)
1 Жер қатынастары бөлімі Көкпекті а., Фахрутдинов көш., 44а 2-12-94
2 Жер кадастрлық бюро Көкпекті а., Б-городок 2-1 2-15-18
Күршім ауданы код (72-339)
1 Жер қатынастары бөлімі Күршім а., Б.Момышұлы көш., 77 3-32-23
2 Жер кадастрлық бюро Күршім а., Ибежанов көш., 94 2-11-00
Тарбағатай ауданы код (72-346)
1 Жер қатынастары бөлімі Ақсуат а., Қабанбай көш., 5 2-18-99
2 Жер кадастрлық бюро Ақсуат а., Қабеков көш., 19 2-23-64
Ұлан ауданы код (72-338)
1 Жер қатынастары бөлімі Молодёжный к. 2-71-16
2 Жер кадастрлық бюро Молодёжный к. 5 2-78-49
Үржар ауданы код (72-230)
1 Жер қатынастары бөлімі Үржар а., Жамбыл көш., 19 2-21-72
2 Жер кадастрлық бюро Үржар а., 3-52-56
Шемонайха ауданы код (72-332)
1 Жер қатынастары бөлімі Шемонайха қ., Советская көш., 61 3-19-57
2 Жер кадастрлық бюро Шемонайха қ., Советская көш., 62 3-17-86
Өскемен қ. код (72-32)
1 Жер қатынастары бөлімі Өскемен қ., Ушанова көш., 27 24-14-75
2 ВостокНПЦзем-нің Өскемен қаласындағы филиал Өскемен қ., Киевская көш., 69 47-28-88
Семей қ. код (722-22)
1 Жер қатынастары бөлімі Семей қ., Интернациональная көш., 8 52-23-33
2 ВостокНПЦзем-нің Семей қаласындағы филиал Семей қ., Байтурсынов көш., 6 42-59-97
Риддер қ. код (72-336)
1 Жер қатынастары бөлімі Риддер қ., Тохтаров көш., 6 2-27-55
2 Жер кадастрлық бюро Риддер қ., Тохтаров көш., 6 2-28-15