>> Өмір >> Балалық шақ >> Жәрдемақы және жеңілдіктер >> 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат.
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат. >> 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат.

«Балалы отбасыларының мемлекеттік жәрдемақысы туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 Заңына сәйкес 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау үшін жәрдемақыға құқығы бар өтініш беруші, отбасының тұратын жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қосымша мына құжаттарды тапсырады:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен формадағы өтініш;

2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4. Отбасының тұратын жерін растайтын құжаттың көшірмесі;

5. Отбасы құрамы туралы мәлімет (балаларға және оларды күту бойынша жәрдемақы үшін);

6. Отбасы мүшелерінің кірісі туралы мәлімет (балалар жәрдемақысы үшін).

Осы Заңның әрекеті Қазақстан Республикасының үнемі тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға таралады. Жаңа туылған, асырап алынған, сондай-ақ қамқорлыққа алынған балалары бар отбасылары:

1) Дүниеге келген балалар жәрдемақысын;

2) Күту бойынша жәрдемақыны;

3) Отбасының орташа кірісі азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда берілетін балалар жәрдемақысын алуға құқылы.

Балалар жәрдемақысын алу құқығы кіріс туралы анықтаманың ұсынылуымен тоқсан сайын расталып отырады.

Жәрдемақыларды тағайындату үшін өтініш беруді жәрдемақы алу құқығы туындағаннан кейін жүзеге асыруға болады.Ата-аналардың, қорғаншылардың немесе қамқоршылардың бірінің жәрдемақы тағайындату туралы өзі өтініш беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда, ата-аналар, қорғаншылар немесе қамқоршылар жәрдемақы тағайындату туралы өтініш жасауға белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.


Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны тағайындау мен төлеу


1. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады.

2. Екi және одан да көп бала туған кезде бала туғанда берiлетiн жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.


Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау мен төлеу


1. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы бала туған күннен бастап ол бiр жасқа толғанға дейiн тағайындалады.

2. Бiр жасқа толмаған екi және одан да көп балаға күтімдi жүзеге асырған жағдайда бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.

3. Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасыларына бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы бала асырап алу немесе қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешiм қабылданған күннен бастап тағайындалады.

4. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау кезiнде отбасы құрамындағы ата-анасы өздерiне қатысты ата-аналық құқығынан айрылған балалар есепке алынбайды.


Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу


1. Балаларға арналған жәрдемақы отбасының асырауындағы он сегiз жасқа дейiнгi әр балаға тағайындалады.

2. Балаларға арналған жәрдемақы отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы ескерiле отырып ағымдағы тоқсанға тағайындалады және өтінiш берген айдан бастап ай сайын төленедi.


Жәрдемақылар мөлшері


Заңға сәйкес жәрдемақылар мынадай мөлшерде:

1) бала туғанда берілетін жәрдемақы - 15 айлық есептік көрсеткіш;

2) бала күтімі жөніндегі жәрдемақы:

бірінші балаға - 3 айлық есептік көрсеткіш;

екінші балаға - 3,5 айлық есептік көрсеткіш;

үшінші балаға - 4 айлық есептік көрсеткіш;

төртінші және одан кейінгі балаларға - 4,5 айлық есептік көрсеткіш;

3) балаларға арналған жәрдемақы - әр балаға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді.

Жәрдемақы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.



"Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

ШҚО, Абай ауданы
с. Қарауыл
Құнанбай көшесі, 14
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы -
Сағдат Әбікенқызы Татиева
e-mail: abai_c@mail.kz

"Аягөз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ

ШҚО, Аягөз қаласы
Хәкім Дүйсенов көшесі, 104
Басқарма бастығы -
Болат Урмадиллаұлы Мұстафаев

тел. (8-722-37) 3-27-56
e-mail: ayagoz.cobes@mail.kz

" Бесқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

ШҚО, Бесқарағай ауданы
с.Большая Владимировка,
Сейфулин көшесі, 162
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы –
Алиса Әбділқызы Қайырбекова
тел. (8-722-36) 9-11-82
e-mail: beskar_c@mail.kz

"Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

ШҚО, с.Бородулиха,
Молодежная көшесі,25
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы -
Файза Фазыловна Бектембаева
тел. (8-72-351) 2-22-74, 2-14-47
e-mail: bor _c@mail.kz

"Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

ШҚО, Жарма ауданы
с.Георгиевка
Ленина көшесі, 90
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы -
Анарбек Арынұлы Өмірзақов
тел. (8-72-347) 6-56-70, 6-53-98
e-mailz: Zharma_c@mail. kz

"Глубокий ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

ШҚО, Глубокий п-сі
Попович көшесі, 13
e-mail: Glubutz@mail.kz
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы -
Маргарита Николаевна Пономарева
тел. (8-72-331) 2-11-15

"Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

ШҚО, Катонқарағай ауданы
Большенарым селосы
Абылайхан көшесі, 109а
e-mail: katon_c@mail.kz
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы-
Дария Нуриачиевна Чукубаева
тел. (8-72-341) 2-14-53,2-91-55

"Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

ШҚО, Көкпекті ауданы
Көкпекті селосы
Қабанбай к-сі, 67
"Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" бастығы -
Гүльзифа Қамашқызы Қасенбаева
тел. (8-72-348)2-11-51
e-mail: kokpekti_c@mail.kz

"Курчатов қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

ШҚО, Курчатов қ-сы
Курчатов к-сі, 3
e-mail: kurchatov_c@mail.kz
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы -
Ербол Нұрбекұлы Тоқтағұлов
тел. (8-72-251) 2-38-30, 2-20-66

"Риддер қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

ШҚО, Риддер қ-сы
Гагарин даңғылы, 7
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы
Ольга Ивановна Ильинская
тел. (8-72-336) 2-48-29,2-22-82
e-mail: LOSZN@ridder.kz

"Семей қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

" Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " бастығы
Қанатжан Есентайұлы Тулесбаев
тел. (8-722-2) 56-17-88, 56-27-83
e-mail: semszn@mail.kz

"Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі "

ШҚО, Шемонаиха ауданы,
Шемонаиха қ-сы
Молодежная к-сі, 19
Басқарма бастығы -
Галина Николаевна Бабаева
тел. (8-232) 3-01-27, 3-06-22
e-mail: sob_shem@mail.ru

"Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

ШҚО, Тарбағатай ауданы
Ақсуат селосы
Абылайхан көшесі, 16
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы -
Сләмбек Шәріпұлы Әзімханов
тел. (8-72-346) 2-18-19,2-23-71
e-mail: tarbag_c@mail.kz

"Өскемен қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

ШҚО, Өскемен қ,
Ворошилова к-сі, 157/2
Бөлім меңгерушісі -
Галина Ефимовна Богатикова
тел. (8-322-2) 42-83-33
e-mail: uprSoczachita1@ustk.kz

"Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

ШҚО, Ұлан ауданы,
Молодежный поселкесі
Молодежная көшесі,9
e-mail: ulanka_c@mail.kz
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы-
Алғиза Дюсенбиновна Ибраимова
телефон (8-72-338) 27- 480, 27- 705

"Үржар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

ШҚО, Үржар ауданы, Үржар селосы
Абылайхан к-сі, 120
" Үржар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " бастығы - Светлана Викторовна Семенова
тел. (8-72-230) 3-45-02, 3-51-68
e-mail: urdjar@mail.kz

"Зайсан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

ШҚО, Зайсан қ-сы
Манапов к-сі, 21 «а»
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы -
Болат Қинашұлы Қинашев
тел. (8-72-340) 2-18-66, 2-17-81
e-mail: zaisan_c@mail.kz

"Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

ШҚО, Зырян қ-сы
Первомай к-сі, 23
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы-
Разиля Зайтановна Оспанова
тел. (8-72-335) 6-14-76, 6-16-03
e-mail: zirsb@mail.kz

"Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

ШҚО, Күршім селосы
Момышұлы бульвары, 118
e-mail: kur_c@mail.kz
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы -
Тілеуғабыл Шериазданұлы Мысаев
тел. (8-72-339) 2-14-56, 3-22-65