>> Жәрдемақы және жеңілдіктер >> Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке мұқтаж азаматтар топтарына әлеуметтік көмек төлеу және тағайындау туралы ақпарат.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке мұқтаж азаматтар топтарына әлеуметтік көмек төлеу және тағайындау туралы ақпарат. >> Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке мұқтаж азаматтар топтарына әлеуметтік көмек төлеу және тағайындау туралы ақпарат.

«Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну туралы» облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 17 шілдедегі № 24/388-ІІІ шешіміне сәйкес азаматтардың кейбір санаттарына коммуналдық қызметтер шығыстарына өтемақы төлеуге аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері материалдық көмек ұсынады.

Коммуналдық қызметтер шығыстарына өтемақы төлеуге материалдық көмек алу құқығымен:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

2) Соғыстың қатысушыларына теңестірілген адамдар:

қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелетін қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрыңғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрыңғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелетін қалаларда болған адамдар;

Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңізші бала ретінде болғандар;

екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдің аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамында қатысқан адамдар;

Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрыңғы КСР Одағы Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметшілер жағдайына көшірілген және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында тұтқындалған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері;

қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен әрі «қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтар;

екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрыңғы тұтқындары;

Басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:

бұрыңғы КСР Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан – Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрыңғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрыңғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрыңғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер;

1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар;

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің, қайталап некеге отырмаған жесірлері;

3) Бұрыңғы КСР Одағын қорғауда, басқа мерзімдерде әскери қызметтің өзге міндеттерін атқарғанда немесе майданда болуына байланысты ауру салдарынан, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген өзге мемлекеттердегі әскери қызметін өтегенде жаралану, контузия алу немесе зақымдану салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер иеленеді.

Жоғарыда аталған санаттарға материалдық көмек 5000 теңге мөлшерінде ай сайын тапсырған айдан бастап беріледі.

Аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері екінші деңгейдегі банктер және «Казпошта» АҚ филиалдары арқылы жасасқан келісім-шарттардың негізінде Ұлы Отан соғысы қатысушыларына, мүгедектеріне және Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдарға төлем жүргізеді.

Қажетті құжаттар:

- бекітілген түрдегі өтініш;

- жеке куәліктің көшірмесі;

- СТТН-нің көшірмесі;

- Ұлы Отан соғысы қатысушысының, мүгедегінің куәлігі мен Ұлы Отан соғысы қатысушысына теңестірілген санатты растайтын өзге құжаттардың көшірмелері;

- осы жерде тұру фактісін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабі немесе тұратын жерінен анықтама).

Жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері өз тарапынан халықтың әлеуметтік осал жіктеріне қосымша материалдық көмек көрсетуіне болады. Осы қызмет аса мұқтаж жалғызілікті тұрмысы төмен зейнеткерлерге, асырауында жасы кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға, мүгедектерге, жұмыссыздарға, сондай-ақ отбасылары сұрапыл апат, өрт, бақытсыз оқиға, аурудың күрделі түрлері және басқа себептер нәтижесінде ауыр материалдық жағдайға түскен азаматтарға көрсетіледі. Әрбір нақтылы жағдайда материалдық көмектің мөлшерін комиссия белгілейді.

Материалдық көмек көрсетуге қажет құжаттардың тізімі:

- материалдық көмек көрсету туралы өтініш;

- жеке куәлік;

- СТТН;

- азаматтарды тіркеу кітабі;

- азаматтың материалдық көмекке мұқтаждығын растайтын басқа құжаттар (өрт туралы акт, дәрігердің анықтамасы, ПИК-тің жөндеудің бағасы туралы анықтамасы және т.б.).


"Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

ШҚО, Абай ауданы
с. Қарауыл
Құнанбай көшесі, 14
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы -
Сағдат Әбікенқызы Татиева
e-mail: abai_c@mail.kz

"Аягөз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ

ШҚО, Аягөз қаласы
Хәкім Дүйсенов көшесі, 104
Басқарма бастығы -
Болат Урмадиллаұлы Мұстафаев

тел. (8-722-37) 3-27-56
e-mail: ayagoz.cobes@mail.kz

" Бесқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

ШҚО, Бесқарағай ауданы
с.Большая Владимировка,
Сейфулин көшесі, 162
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы –
Алиса Әбділқызы Қайырбекова
тел. (8-722-36) 9-11-82
e-mail: beskar_c@mail.kz

"Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

ШҚО, с.Бородулиха,
Молодежная көшесі,25
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы -
Файза Фазыловна Бектембаева
тел. (8-72-351) 2-22-74, 2-14-47
e-mail: bor _c@mail.kz

"Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

ШҚО, Жарма ауданы
с.Георгиевка
Ленина көшесі, 90
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы -
Анарбек Арынұлы Өмірзақов
тел. (8-72-347) 6-56-70, 6-53-98
e-mailz: Zharma_c@mail. kz

"Глубокий ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

ШҚО, Глубокий п-сі
Попович көшесі, 13
e-mail: Glubutz@mail.kz
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы -
Маргарита Николаевна Пономарева
тел. (8-72-331) 2-11-15

"Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

ШҚО, Катонқарағай ауданы
Большенарым селосы
Абылайхан көшесі, 109а
e-mail: katon_c@mail.kz
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы-
Дария Нуриачиевна Чукубаева
тел. (8-72-341) 2-14-53,2-91-55

"Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

ШҚО, Көкпекті ауданы
Көкпекті селосы
Қабанбай к-сі, 67
"Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" бастығы -
Гүльзифа Қамашқызы Қасенбаева
тел. (8-72-348)2-11-51
e-mail: kokpekti_c@mail.kz

"Курчатов қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

ШҚО, Курчатов қ-сы
Курчатов к-сі, 3
e-mail: kurchatov_c@mail.kz
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы -
Ербол Нұрбекұлы Тоқтағұлов
тел. (8-72-251) 2-38-30, 2-20-66

"Риддер қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

ШҚО, Риддер қ-сы
Гагарин даңғылы, 7
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы
Ольга Ивановна Ильинская
тел. (8-72-336) 2-48-29,2-22-82
e-mail: LOSZN@ridder.kz

"Семей қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

" Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " бастығы
Қанатжан Есентайұлы Тулесбаев
тел. (8-722-2) 56-17-88, 56-27-83
e-mail: semszn@mail.kz

"Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі "

ШҚО, Шемонаиха ауданы,
Шемонаиха қ-сы
Молодежная к-сі, 19
Басқарма бастығы -
Галина Николаевна Бабаева
тел. (8-232) 3-01-27, 3-06-22
e-mail: sob_shem@mail.ru

"Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

ШҚО, Тарбағатай ауданы
Ақсуат селосы
Абылайхан көшесі, 16
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы -
Сләмбек Шәріпұлы Әзімханов
тел. (8-72-346) 2-18-19,2-23-71
e-mail: tarbag_c@mail.kz

"Өскемен қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

ШҚО, Өскемен қ,
Ворошилова к-сі, 157/2
Бөлім меңгерушісі -
Галина Ефимовна Богатикова
тел. (8-322-2) 42-83-33
e-mail: uprSoczachita1@ustk.kz

"Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

ШҚО, Ұлан ауданы,
Молодежный поселкесі
Молодежная көшесі,9
e-mail: ulanka_c@mail.kz
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы-
Алғиза Дюсенбиновна Ибраимова
телефон (8-72-338) 27- 480, 27- 705

"Үржар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

ШҚО, Үржар ауданы, Үржар селосы
Абылайхан к-сі, 120
" Үржар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " бастығы - Светлана Викторовна Семенова
тел. (8-72-230) 3-45-02, 3-51-68
e-mail: urdjar@mail.kz

"Зайсан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

ШҚО, Зайсан қ-сы
Манапов к-сі, 21 «а»
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы -
Болат Қинашұлы Қинашев
тел. (8-72-340) 2-18-66, 2-17-81
e-mail: zaisan_c@mail.kz

"Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

ШҚО, Зырян қ-сы
Первомай к-сі, 23
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы-
Разиля Зайтановна Оспанова
тел. (8-72-335) 6-14-76, 6-16-03
e-mail: zirsb@mail.kz

"Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ

ШҚО, Күршім селосы
Момышұлы бульвары, 118
e-mail: kur_c@mail.kz
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы -
Тілеуғабыл Шериазданұлы Мысаев
тел. (8-72-339) 2-14-56, 3-22-65