>> Шығарылатын заттың мәдени құндылығы туралы қорытынды беру туралы ақпарат.
Шығарылатын заттың мәдени құндылығы туралы қорытынды беру туралы ақпарат. >> Шығарылатын заттың мәдени құндылығы туралы қорытынды беру туралы ақпарат.

1. Мәдени құндылықтарға алғашқы сараптау облыстағы жергілікті атқарушы орган құрған (республикалық маңызды қалаларда, астанада) (әрі қарай-жергілікті атқарушы орган) комиссияға түскен арыз негізінде жүргізіледі.

2. Арызда меншік иесі туралы ақпарат (аты-жөні, тегі, туған жылы-күні, азаматтығы, тіркелген орны мен тұрғылықты жері, байланыс телефоны, заңды тұғаның реквизиттері), берілген затқа құқығын дәлелдейтін негіздемесі, сондай-ақ, заттың сипаттамасы көрсетілуі керек. Қазақстан Республикасынан уақытша әкетілетін мәдени құндылық ретінде қаралатын заттың әкетілу мақсаты, тасымалдану талаптары және оның Қазақстан Республикасынан тыс аумақта болу мерзімі көрсетіледі.

Заңды тұлғадан түскен арызға бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.

3. Арызға қосымша мыналар тігіледі:

1) азаматтың тұлғасын куәландыратын құжаттың немесе нотариалдық куәландырылған заңды тұлғаның тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;

2) мәдени құндылықтың әкеліну мақсаты мен ұстау кезіндегі талаптары туралы қабылдаушы тараппен келісімнің көшірмесі;

3) Әрбір мәдени құндылықтың және оны құрайтын бөлшектерінің 10 х 15 көлемді фотосуреті;

4) мәдени құндылықтарға меншік құқығын растайтын құжаттар;

5) заңды тұлғалар үшін - мәдени құндылықтарды уақытша әкету мерзімінде оның сақталуына жауаптылық жүктелген нақты тұлға туралы ұйым басшысының бұйрығы;

6) мәдени құндылықтар ретінде сараптауға жататын заттар.

4. Арыз сараптау комиссиясының жұмыс органында нөмірленген және тігілген арнаулы журналға тіркеледі.

Арыз иесіне арыз бен оның қосымша материалдарының қабылданғаны туралы тіркелген нөмірі көрсетілген ескертпе қағаз беріледі.

5. Сараптау өткізілетін орынды сараптау комиссиясы белгілейді.

6. Сараптау комиссиясы тапсырылған заттар мен оның құжаттарын сараптауды тіркелген күннен бастап бес күн ішінде жүзеге асырады.

7. Сараптау қорытындысы бойынша арызданушыға аталған Тәртіптің 1-қосымшасында берілген үлгіде қорытынды беріледі.

Қорытынды екі данада рәсімделеді, әрқайсысына сараптау комиссиясы төрағасының қолы және жергілікті атқарушы органның мөрімен расталады.

8. Қорытынды берілген заттардың түпнұсқалығын, авторын, жасалған орны мен мерзімін, атауын, жасалу материалы мен техникасын, көлемін, ерекшелік белгілерін, сақталу жағдайын анықтап, тапсырылған құжаттарды қарағаннан кейін жан-жақты жүргізілген сараптау негізінде шығарылады.

9. Арызданушы Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілген мәдени құндылықтарды заттар Қазақстан Республикасына қайта әкелінгеннен бастап он күн ішінде қайта сараптауға тапсырады.

Сараптау комиссиясы арыз түскен күннен бастап бес күн ішінде әкетілген мәдени құндылықтарға қайта сараптау жүргізеді және аталған Тәртіптің 2-қосымшасына сәйкес қорытынды береді.

10. Қайта сараптау кезінде мәдени құндылықтардың сақтауында өзгерістер табылған жағдайда сараптау комиссиясы бүлінген мәдени құндылықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдайды.

Мәдени құндылықтарды әкету және әкелу жөніндегі сараптау комиссиясының құрамын ШҚО мәдениет басқармасының бастығы бекіткен. Комиссия төрағасы – облыстық этнографиялық мұражай-қорық директорының экспозициялық-көрме жұмыстары жөніндегі орынбасары, өнертанушы Тамара Николаевна Быкова. Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Головков көшесі, 29, телефоны: 26-88-02.

Аталмыш комиссияның құзыры Шығыс Қазақстан облысы аумағында жүреді. Өзге аудандар мен қалаларда мұндай комиссия жоқ.