>> Шетел ақпарат құралдарын есепке алу туралы ақпарат.
Шетел ақпарат құралдарын есепке алу туралы ақпарат. >> Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын таратушыға арналған жадынама

Қазақстан Республикасы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4-4 бабына сәйкес республика аумағында таралатын шетелдік БАҚ-ын есепке алуды жергілікті атқарушы билік органдары жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы аумағында таралатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу Ережелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 29 шілдесіндегі №843 Қаулысымен бекітілген.

Таратушыға шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу туралы белгіленген үлгідегі анықтамаберіледі. Онда белгілі бір аумақта шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын тарату тізімі расталады.

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу үшін таратушыға келесідей құжаттарды тапсыру қажет:

1) белгіленген үлгідегі есепке алу туралы өтініш;

2) кәсіпкерлікпен айналысуға хақы беретін құжаттардың көшірмелері немесе заңды тұлғаны мемлекеттік (есепке алу) тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі.

Өтініш жергілікті атқарушы органда тіркелгеннен кейін 15 күнтізбелік күннің ішінде қаралады.

Қарау қорытындылары бойынша берілген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеу туралы анықтама қаржылық жыл ішінде жарамды, есепке алу туралы анықтаманың мерзімі аяқталғанда таратушы жаңа анықтаманы алу үшін жергілікті билік органына баруы қажет.

Таратушының алғашқы өтінішінде көрсетілген мәліметтер өзгерген болса, 10 күн ішінде жергілікті атқарушы органға хабарлап, жаңа анықтаманы алу қажет.


Анықтама телефоны: 8 (7232) 26-47-07, e-mail: dvp-smi@rambler.ru