>> Өмір >> Кәрілік кезең >> Туыстардың өлімі >> Өлім туралы куәлік беру процедурасы
Өлім туралы куәлік беру процедурасы >> Өлім туралы куәлік беру процедурасы

>

Медициналық ұйымдар мен дәрігерлік тәжірибемен айналысатын жеке тұлғаларға ЗАГС органдарында өлімді тіркеу үшін, қайтыс болған адамның туыстарына өлім фактісін растайтын №106/у-07 «Өлім туралы дәрігерлік куәлік» беріледі.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 27 тамыздағы №520 «Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманы енгізу туралы» Бұйрығы негізінде, өлім туралы дәрігерлік куәлікті медициналық ұйымның дәрігері (дербес қабылдау жүргізетін фельдшері), немесе дәрігерлік тәжірибемен айналысатын жеке тұлға, мәйітті қарау, медициналық құжаттаманың жазбаларына, ауру адамның қайтыс болуына дейінгі қадағалауына және ашып көру нәтижелеріне сүйене отырып беріледі.

Өлім туралы куәлік сырттай, медициналық жұмыскердің өлім фактісін жеке атап көрсетусіз рәсімделмейді.

Өлім туралы куәлік қайтыс болған адамның туыстарына немесе бірге тұрған тұлғаларға қайтыс болған адамның жеке куәлігін көрсеткен жағдайда беріледі.