>> Қосалқы шаруашылықтың қолда бары туралы анықтама беру бойынша ақпарат
Қосалқы шаруашылықтың қолда бары туралы анықтама беру бойынша ақпарат >> Қосалқы шаруашылықтың қолда бары туралы анықтама беру бойынша ақпарат
Қосалқы шаруашылықтың қолда бары туралы анықтама беру бойынша ақпарат

Жер телімін пайдалану құқын (жеке меншік, жерді тұрақты пайдалану құқы, жерді қайтарымды уақытша пайдалану құқы (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) (жалға беру ) рәсімдеу бойынша ақпарат : Аталған қызметтердің өту рәсімі: жер телімін беру бойынша өтініш, жер телімін таңдау акты, жер комиссиясының қорытындысы, жерге орналастыру жобасы, жерге орналастыру жобасын бекіту туралы жарлық, жергілікті атқарушы органның шешімі, жер телімінің баға құнын анықтау, баға құнын бекіту, жерге шекара орнату, орнатуға құқық беретін құжатты беру (акты және жер телімін жалға беру жөнінде шарт ) Қажетті құжаттардың тізбесі: - жер теліміне құқық беру туралы өтініш; - шаруа қожалығын жүргізу бағдарламасы ; - шаруа қожалығы басшысының қызмет жолын растайтын құжаттар; - жеке басының куәлігі, РНН көшірмесі; - статистикалық карточканың көшірмесі; - заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі туралы куәлік; - жарғының көшірмесі (жерді тұрақты пайдаланғанда) Жер телімі туралы анықтама беру бойынша ақпарат: - өтініш - жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі. Қосалқы шаруашылықтың қолда бары туралы анықтама беру Қызметтерді өту рәсімі: Өтініш беруші поселкелік округтің әкіміне анықтама беруге ауызша немесе жазбаша түрде жүгінеді. Шаруашылық есептің мәліметтері негізінде өтініш берушіге әкімнің қолымен, мемлекеттік мекеменің мөрімен расталған және қосалқы шаруашылықтың қолда бары туралы анықтама беру журналында тіркелген анықтама беріледі. Қосалқы шаруашылық үшін анықтама беру келесі түрде орындалады: 1) Қосалқы шаруашылыққа анықтамалар ауылдық округ аппаратының жұмыс тәртібіне сәйкес беріледі. 2) Тұрғындардың қосалқы шаруашылығы есебі жылына 2 рет қайта жазылады 1 қаңтар және 1 шілдеге қарай. 3) Қосалқы шаруашылыққа анықтамалар шаруашылық кітабындағы 4 бөлімнің «Шаруашылықтың жеке меншігі болып табылатын мал (басы)» тарауындағы жазбалар негізінде және ауылдық округтың вет. инспекторы берген малдың ветеринарлық төлқұжаты қолда бар жағдайда беріледі. 4) Анықтама беруді тіркеу «Малға анықтама беруді тіркеу» № 1-14-1 журналында жүргізіледі. 5) Анықтама беру тегін і және мал иесінің өзіне ғана жеке басының куәлігін көрсеткен жағдайда жүргізіледі, анықтама берілгеннен кейін журналда аталған анықтаманы алушының қолы қойылады. Малға анықтама алу үшін қажетті құжаттардың тізімі: 1. Қосалқы шаруашылық иесінің жеке басының куәлігі 2.Ветеринарлық төлқұжат Жеке басының куәлігі, өтініш берушінің ауызша немесе жазбаша өтініші, поселкелік округтің шаруашылық кітабы