>> Электр және жылу энергияларын беру, іске асыру және өндіруге, сумен жабдықтау, канализация, телефон байланысы қызметтерін қамтамасыз етуге мемлекеттік лицензиясы бар ұйымдар туралы ақпарат.
Электр және жылу энергияларын беру, іске асыру және өндіруге, сумен жабдықтау, канализация, телефон байланысы қызметтерін қамтамасыз етуге мемлекеттік лицензиясы бар ұйымдар туралы ақпарат. >> Байланыс саласындағы қызметті лицензиялау рәсімі
Байланыс саласындағы қызметті лицензиялау рәсімі

Байланыс саласындағы кәсіпкерлік қызметпен шұғылдануға лицензия беруді Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Байланыс саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі №998 қаулысына сәйкес жүзеге асырады. Лицензия алуға өтінім беру үшін белгіленген үлгідегі өтініш толтыру, бланкіде көрсетілген құжаттарды қоса беру, сондай-ақ Үкіметтің жоғарыда аталған қаулысымен бекітілген біліктілік пен қосымша (арнаулы) талаптарға сәйкес түсіндірме жазба әзірлеу қажет. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметін көрсетуге арналған лицензия алу үшін өтінім беруші Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы №909 қаулысымен бекітілген қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгілеу жөніндегі біліктілік талаптары мен өлшемдеріне сәйкестігін растайтын құжаттар ұсынуға тиіс. Бұдан басқа, Агенттіктің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2004 жылғы 20 қыркүйектегі №199-Б және №179 (2004 жылғы 5 қарашада ҚР Әділет министрлігінде №3187 болып тіркелген) Бірлескен Бұйрығын орындау үшін өтініш берген кезде байланыс жабдықтарының құрамында телекоммуникациялар желісінде арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ететін байланыс жабдықтарының техникалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарының болуы туралы ақпарат беру қажет. Өтінішке қызметтің жекелеген түрімен шұғылдану құқығы үшін лицензиялық алым төлеу жөніндегі төлем тапсырмасының көшірмесі қоса берілуге тиіс. 6 АЕК мөлшеріндегі лицензиялық алым төлеу өтінім беруші заңды тұлға не жеке кәсіпкер ретінде тіркелген Салық комитетінің есебіне жүргізіледі.Төлем коды - 105402. Лицензия алған кезде өтінім берушіде лицензия алу құқығына арналған жеке куәлік және сенімхат (белгіленген бухгалтерлік үлгідегі) болуға тиіс. Қосымша ақпаратты ҚР ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің сайтынан алуға болады www.aic.gov.kz