>> Өмір >> Балалық шақ >> Құжаттарды ресімдеу >> Патронаттық тәрбиелеуге балаларды алуға тілек білдірген отбасылардан өтініштер қабылдау туралы ақпарат
Патронаттық тәрбиелеуге балаларды алуға тілек білдірген отбасылардан өтініштер қабылдау туралы ақпарат >> Патронаттық тәрбиелеуге балаларды алуға тілек білдірген отбасылардан өтініштер қабылдау туралы ақпарат
Патронаттық тәрбиелеуге балаларды алуға тілек білдірген отбасылардан өтініштер қабылдау туралы ақпарат

Патронаттық тәрбиелеуге балаларды  алуға тілек білдірген отбасылардан өтініштер қабылдау туралы ақпарат

  

Патронат – уәкілетті қамқоршы мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адамның жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берілетін тәрбие  нысаны (жетім қалған балаларды мемлекет мекемелерінің қаржысымен қызмет иелері отбасында тәрбиелеудің бір түрі).

Патронат белгілеуде «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы  № 321-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 қаулысымен бекітілген «Патронат туралы ереже» басшылыққа алынады.

Баланы патронаттық тәрбиеге берген кезде қорғаншы және қамқоршы органдар баланың этникалық шығу тегін, бір дінге немесе мәдениетке бағыныштылығын, туған тілі мүддесін басшылыққа алады.

Баланы тәрбиеге беру туралы шарттың мазмұны мыналардан тұрады:

1.     баланы асырау, тәрбиелеу және білім беру шарттары;

2.     патронат тәрбиешілердің құқықтары мен міндеттері;

3.     патронат тәрбиешілерге қатысты қорғаншылық және қамқоршылық органдарының міндеттері.

4.     шартты тоқтатудың себебі және салдары;

5.     патронат тәрбиелеуге бала қандай мерзімге беріледі.

   

Патронат тәрбиешілерінің еңбек ақы төлемі  Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.

Қорғаншылық және қамқоршылық органы патронат шартын жасасу мәселесін мынадай құжаттар бар болған жағдайда  шешеді:

1.    тұлғаның патронат тәрбиеші болуға тілек білдіруі туралы жазбаша өтініші;

2.          балаға патронат тәрбиеші болуға тілек білдіруші тұлға, егер некеде тұрса,  оның әйелінің (күйеуінің) жазбаша келісімі;

3.          патронат тәрбиеші болуға тілек білдіруші тұлғаның денсаулық жағдай туралы медициналық анықтама;

4.          балаға патронат тәрбиеші болуға тілек білдіруші адам, егер некеде тұрса, оның жұбайының денсаулық жағдайы туралы анықтама;

5.          баланы тәрбиелеп алуға үміткер адамның тұрмыс жағдайы туралы зерттеу актісі;

6.          патронаттық тәрбиеге берілетін баланың тұрмыс жағдайын зерттеу актісі.

   

Баланы патронат тәрбиешілерге беру оның пікірін ескере отырып, ал 10 жасқа толған баланы тек оның келісімімен ғана беру  жүзеге асырылады.

Бұл олардың қызығушылықтарына жауап берген жағдайларды қоспағанда, аға, әпкелілерді ажыратуға болмайды.

Патронатты тағайындау кезінде қажетті құжаттар:

1.     Туу туралы куәлігі

2.     денсаулығы жөніндегі  медициналық анықтама және баланың даму тарихының көшірмесі

3.     білімі туралы құжат

4.     ата-аналары туралы құжаттар (қайтыс болғаны жөніндегі куәлік көшірмесі, сот шешімі немесе қаулысының көшірмесі, ата- анасының ауырғаны жөнінде немесе іздеуде болғаны жөнінде анықтама және ата- анасының қамқорлығынан айырылғаны жөніндегі басқа да құжаттар)

5.     балалардың зейнетақы алу жөніндегі кітаптары, алимент өндіру жөніндегі сот шешімінің көшірмесі

6.     аға, әпкелері және олардың тұрғылықты жері туралы анықтама