>> Өмір >> Балалық шақ >> Құжаттарды ресімдеу >> Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою туралы ақпарат
Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою туралы ақпарат >> Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою туралы ақпарат
Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою туралы ақпарат

Астана және республикалық маңызды қалалардың, облыстың білім беру басқармаларының органдары ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қоюды жүзеге асырады.  Аудандық бөлім бастапқы есепті жүзеге асырады.

-          ҚР Үкіметінің 09.09.1999 ж. № 1346 қаулысымен бекітілген «Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есебі туралы» Ереже  мен «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңы негізінде

Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою  үшін мына құжаттар ұсынылады:

1.      Тұлғаның қамқоршы (қорғаншы) болуға тілек білдіруі туралы өтініші;

2.      Балаға қамқоршы (қорғаншы) болуға тілек білдіруші тұлға, егер некеде тұрса, оның әйелінің  (күйеуінің)  жазбаша келісімі;

3.      Қамқоршы (қорғаншы) болуға тілек білдіруші тұлғаның денсаулық жағдайы туралы анықтама;

4.      Балаға қамқоршы (қорғаншы ) болуға тілек білдіруші адам, егер некеде тұрса, оның жұбайының денсаулық жағдай туралы анықтама;

5.      Баланы тәрбиелеп алуға үміткер адамның тұрмыс жағдайы туралы зерттеу актісі;

6.      Қамқорлыққа (қорғаншылыққа) берілетін баланың тұрмыс жағдайын зерттеу актісі.

 

30 күнтізбелік күн ішінде құжаттарын тапсырған өтініш берушіге аудан әкімінің қаулысы және қамқоршы және қорғпншы куәлігі беріледі. Қамқоршы және қорғаншы куәлігі өтініш берушіге олардың өздеріне
қолдарын қойғызып беріледі. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға өтініш берушінің құжаттарды ұсынбауы негіз болады.