>> Лизингке техника алу үшін анықтама беру туралы ақпарат
Лизингке техника алу үшін анықтама беру туралы ақпарат >> Лизингке техника алу үшін анықтама беру туралы ақпарат
Лизингке техника алу үшін анықтама беру туралы ақпарат

Лизингке техника алатын ауыл шаруашылығы құрамаларының жетекшісі немесе оның сенімді өкілі ауыл шаруашылығы бөліміне келіп, өзінің жеке басының куәлігі мен  мемлекеттік тіркеуден өткен жеке кәсіпкердің куәлігін көрсету арқылы құжаттарын рәсімдеуге керекті қағаздарын ала алады.

Ауыл шаруашылығы бөлімінен алынатын  бланкілер мен керекті құжаттар:

1.      қаржы лизингін алуға арналған өтінім бланкісі (белгіленген нысан бойынша)

2.      әлеуетті қарыз алушының сауалнама бланкісі

3.      шаруа қожалығы басшысының сауалнама бланкісі

4.      жеке және заңды тұлғаның өзі туралы ақпарат алу үшін арнайы нұсқадағы келісім қағазы

5.      бизнес-жоспарға қойылатын талаптар

6.      ауыл шаруашылығы құрылымдарына лизингке техника алу үшін қала әкімінің немесе олардың орынбасарларының қолы қойылған ұсыныс хат беріледі. Ұсыныс хатта шаруашылықтың жер көлемі көрсетіліп, қаржылай тұрақтылығына кепіл болады.

Салық органдарынан бюджетке және бюджеттік емес қорларға берешегі бар немесе жоқтығы туралы анықтама алады.

Қызмет көрсететін банктерден қалған ақшаның айдың басы мен аяғындағы кіріс, шығысын көрсетіп анықтама алады.

Бұдан басқа, ауыл әкімдері мал өнімдері, егіннің түсімі және қолда бар негізгі құралдар (ғимараттар, құрылыстар, ауыл шаруашылығы техникалары, мал басының саны, а/ш мақсатындағы жер телімдері және т.б.) жөнінде анықтама береді.