Сіздің аймақ
KZ RU

ЭЦҚ қайдан алуға болады?

ЭЦҚ ДЕГЕН НЕ?

  • Электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электроңдық құжаттын дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлык нышандар терімі;
  • Электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның меншікті қолтаңбасына тең мәнді және «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы 307-ІІ заңына сәйкес талаптарды орындау кезінде бірдей заңдық салдарға ие
  • Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) үшін тіркеу куәлігін алып, сіз оған сәйкес жабық кілттің көмегімен электрондық құжаттарға қол қоя аласыз. Электрондық құжаттағы сіздің қолтаңбаңызды (ЭЦҚ) тексеруді оған қоса берілген тиісті тіркеу куәлігі бойынша жүзеге асыруға болады

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБАНЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?

  • Электрондық цифрлік қолтаңбаны (ЭЦҚ) жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларғада алуға болады. Тұрғындарға ЭЦҚ – ны берумен Ұлттық Куәландырушы орталығы (ҰКО) айналысады.
  • Электронды қолтаңба алу үшін Ұлттық куәландырушы орталығының сайтында өтінім беруге болады.
  • Оны шығарылуын растап кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығында алуға болады.